Бүгін мұғалімдеріміз телефондағы заставкалары арқылы өздерін алға жетелейтін құндылықтарымен бөлісті. Әр экранда - арман, мақсат, отбасы, шәкіртке деген махаббат, шабыт пен сенім бейнеленген.
Бұл челлендж бізге бір нәрсені тағы да дәлелдеді: алға жетелейтін күш әркімде әртүрлі, бірақ бәрін біріктіретіні - жүрекпен таңдалған жол.
Ұстаз - өзі шабыттана отырып, өзгеге де шабыт сыйлайтын тұлға.