ҚР, Петропавловск қ., Сенная к., 3, 5а
8 (7152) 70-71-58
school29sko@mail.ru
Меню

Қасиетті Рамазан айына орай игі бастама

Күллі мұсылман қауымы асыға күткен береке мен бірліктің бастауы болған қасиетті Рамазан айының келуімен мектеп ұжымын шын жүректен құттықтаймыз.

Осы берекелі айда ұстаған оразаларыңыз, жасаған ғибадаттарыңыз бен ізгі амалдарыңыз қабыл болсын деп тілейміз. Рамазан – мейірімділік пен қамқорлықтың, татулық пен бірліктің айы.

Осы айдың құрметіне және ұжымдағы ауызбіршілікті нығайту мақсатында мектептің кәсіподақ ұйымы тарапынан өз қолдарымен дайындалған ифтар бокс-пакеттері ораза ұстап жүрген ұжым мүшелеріне табысталды. Игі шара барысында кәсіподақ төрағасы мен мектеп директоры жылы лебіздерін білдіріп, ауыз бекіткен жандарға арнайы дайындалған дәм-тұз жиынтығын үлестірді.

Бұл – ұжымға деген құрмет пен шынайы ілтипаттың белгісі.

Баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс тілейміз!
Қасиетті Рамазан айындағы барлық ниеттеріңіз қабыл болсын! 

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ
«Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ «№ 29 жалпы білім беретін мектеп» КММ
SemStar сайтты әзірлеу