Мектеп педагогтері арасында кәсіби күйіп қалудың алдын алу, эмоционалдық жағдайды жақсарту және ұжымдық қарым-қатынасты нығайту мақсатында командалық тимбилдинг іс-шарасы ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында мұғалімдер түрлі ойындар мен жаттығуларға қатысып, бір-бірімен еркін қарым-қатынас орнатып, жағымды эмоциялар алды. Командалық тапсырмалар педагогтердің бірлік пен өзара қолдаудың маңыздылығын сезінуіне ықпал етті.
Нәтижесінде:
- ұжымда жағымды психологиялық ахуал қалыптасты
- әріптестер арасындағы сенім мен қолдау артты
- педагогтердің көңіл-күйі көтеріліп, жаңа серпін алды
Осындай шаралар ұстаздардың кәсіби қызметіне шабыт беріп, жұмыстағы тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.