ҚР, Петропавловск қ., Сенная к., 3, 5а
8 (7152) 70-71-58
school29sko@mail.ru
Меню

«Келешек мектептері» семинары

Астана қаласында өткен «Келешек мектептері» семинары өз мәресіне жетті.

Семинар барысында Оқу-ағарту министрлігі тарапынан нақты міндеттер қойылып, Келешек мектептерінің даму концепциясы таныстырылды. Екі күн бойы НЗМ, БИЛ, РФМШ мектептері озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Сонымен қатар, ашық микрофон алаңында маңызды сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік туды.

Аталған маңызды іс-шараға біздің №29 мектеп директоры Тұрсынова Сауле Нұрғалиқызы да қатысып, білім беру саласындағы заманауи тәсілдермен танысып, құнды тәжірибе жинақтады.

Бұл семинар – кәсіби даму мен жаңа идеялардың алаңы болды. Біз тек білім беріп қана қоймай, ұлтқа қызмет ететін сапалы білім ордасын қалыптастыру жолындамыз. Әрбір іс-әрекетіміз – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің бір бөлігі.

Алдағы уақытта алынған тәжірибе мен тың идеялар мектебіміздің дамуына оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Бірге дамып, бірге жетістікке жетейік!

Болашақ – білімді ұрпақтың қолында!

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ
«Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ «№ 29 жалпы білім беретін мектеп» КММ
SemStar сайтты әзірлеу