Республикалық «Алтын қазына» ұлттық көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер байқауының облыстық кезеңі аясында өткен «Шеберлік илеген істен таныла» атты қазақ халқының қолданбалы өнері байқауында 6-сынып оқушысы Аянат Құсайынова жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Бұл жетістік оның еңбекқорлығының, шығармашылығының, қазақ халық өнерінің бай дәстүріне деген құрметінің жемісі.
Жетекшісі: Гүлден Қуанышбекқызы Ақмағамбетова