ҚР, Петропавловск қ., Сенная к., 3, 5а
8 (7152) 70-71-58
school29sko@mail.ru
Меню

Мектеп формасы

Құрметті ата-аналар! Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен регламенттелетінін хабарлаймыз.

Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптары:

- Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді.

- Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі және күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

- Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

- Қыздардың мектеп формасы: пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

- Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығының 13-тармағы).

- Ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер мектеп формасын тігетін кәсіпорынды немесе оқушы киімдерін сататын сауда желісін өздері таңдайды.

- Ата-аналар және өзге заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп формасын киюіне жауап береді.

«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің білім басқармасы» КММ
«Петропавл қаласының білім бөлімі» КММ «№ 29 жалпы білім беретін мектеп» КММ
SemStar сайтты әзірлеу