Мектепте «Құндылық - тұлға - болашақ» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.
Педкеңес барысында келесі өзекті мәселелер қарастырылды:
- оқу-тәрбие процесіне құндылықтарды тиімді енгізу жолдары;
- тұлғаға бағытталған сабақты жоспарлау мен бағалаудың тиімді әдістері;
- оқушылардың XXI ғасыр дағдыларын (креативтілік, сыни ойлау, коммуникация, ынтымақтастық) дамыту;
- II тоқсанның қорытындысы.
Кеңесте мектептің миссиясы мен даму бағытына ерекше назар аударылып, құндылықтарға негізделген, инновациялық білім беру арқылы тұлға қалыптастыру мәселелері талқыланды.
Педагогикалық кеңес тәжірибе алмасу, кәсіби пікірталас және білім сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстармен өтті.
Құндылық - тұлғада, болашақ - білімді ұрпақта!