26-28 наурыз аралығында қалалық кәсіподақ ұйымдастыруымен өткен «Ұстаз – 2026» мұғалімдер спартакиадасы мектебіміз үшін үлкен табыспен аяқталды. Биылғы тартысты додаға қаланың 21 мектебінің командалары қатысып, өзара мықты бәсекеде бақ сынады.
Үш күнге созылған жарыста біздің №29 мектеп ұстаздары жоғары деңгейдегі дайындықты, ұйымшылдықты және жеңіске деген жігерді көрсете отырып, жалпы командалық есепте жүлделі ІІ орынды иеленді!
Жекелеген спорт түрлері бойынша жетістіктеріміз:
- Волейбол – І орын (Чемпиондар!);
- Тоғызқұмалақ – ІІ орын.
Сондай-ақ ұстаздарымыз шахмат, арқан тарту, үстел теннисі және дартс ойындарында да мектеп намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтижелер көрсетті.
Осындай жетістікке жетуде біздің «алтын жанкүйерлеріміздің» қолдауы ерекше болды. Жарыс бойы рух беріп, демеу көрсеткен әріптестерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз!
Жеңіс құтты болсын, құрметті ұстаздар! Алдағы уақытта да жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз!